Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұңғыш немересі болады": Абай Бегейдің келіні сүйінші сұрады

Отандық шоу-бизнес өкілі, әнші Абай Бегейдің отбасында қуанышты жаңалық. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/badinur_zhalgas/

Өнер иесінің жалғыз ұлы Жалғас шымкенттік аруды келін етіп түсірген еді. Жас келін жүкті екенін жеке парақшасында жариялады. 

“Біз енді үшеу боламыз. Аллаға шүкір. Көп күттірмей, осындай бақыт сыйлап жатқанына сансыз шүкір. Қуанышымызда шек жоқ. Отбасымызбен қатты қуанып, сіздерге жеткізуге асығып жүрген жаңалығымыз осы. Біз сені күтеміз балапан" , – деп жазды блогер келіншек. 



Видео желісінен түсінгеніміз, келіншектің жолдасына сыйлық табыстайды. Алайда қораптың ішінде сақинаның орнына жүктілікті анықтайтын тест жасырылған. Абай Бегейдің ұлы әке болатынын білгенде қуаныштан көзіне жас алды. Желі қолданушылары да екі жасқа бақыт тілеп, сәбидің ғұмырлы болуын тілеп жатыр. 

“Анасы есіне түсті ме, Жалғас бірден жылап жіберді”, “Бауы берік болсын, аман-есен қол аяғын бауырына алсын!”, “Балапан аман-есен орталарыңа келсін!”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Абай Бегей ұлының үйлену тойында дәстүрді көрсетемін деп дауға қалғанын жазған едік. 

 

Талқылау