Тыңдармандар Серіктің жары Айнамкөздің жүкті екенін байқап қалды (фото)
Серік Ибрагимов жеке өмірін елден жасырмайды. Отау құрған күннен бастап ол жары Айнамкөзді өзімен бірге ертіп жүреді. Мәселен, күні кеше әнші жұбайымен бірге қос бірдей тойдың куәсі болды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Серік жұбайымен бірге өзінің продюсері Алтынбек Рахметовтің туған күніне, одан кейін әнші Асхат Тарғынның үйлену тойына қатысты.
Желіде жариялаған суреттеріне қарап тыңдармандар Айнамкөздің жүкті екенін байқап қойды. Олар әншінің жарына аман-есен босанып алуын тіледі. Кейбіреулер сәбидің ұл не қыз болатынын болжап үлгерді.
“Айнамкөздің аяғы ауыр ма деп қалдым”, “Айнамкөздің аяғы ауыр. Аман-есен жаның қалсын”, “Аяғы ауыр екені көрініп тұр. Аллам аман-есен балапанын бауырына басуды нәсіп етсін. Мен ұл бала туады деп айта алам”, “Айнамкөз сияқты қыздарды жақсы көрем, түк боянбайды, жасандылық жоқ, тұнған тазалық, өте табиғи! Бақытты бол жаным”, “Серік құттықтаймын, жақында әке болады екенсің. Неге үндемей жүрсің?”, – дейді желі оқырмандары.
Айта кетейік, Серік Ибрагимов былтырғы жылдың қазан айында шаңырақ көтерген болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Асхат Тарғынның 9 млн теңге жұмсаған тойы қалай өтті? (фото, видео)
Әнші Ернар Айдар жол апатына ұшырады
Ренат Басит фильмге сын айтқан атақты жазушыны танымай ұятқа қалды
Дәурен мен Ақбота Алланың қалауымен қосылғандарын айтты (фото)