Тэймия, Теона, Наира: Астаналықтар арасында балалардың қандай есімдері танымал
Елорда тұрғындары жаңа туған сәбилеріне жиі ерекше есім бере бастаған. Қыздардың арасында Тэймия, Зейна, Сафият, Шахкерім, Наира, ал ұлдардың арасында Абдусалама, Хана және Альхама есімдері кең танымалдық алып келеді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Сарыарқа ауданының АХАТ бөлімінде астаналықтар арасындағы ерекше есімдерді атады. Қыздар арасында бұл Тэймия, Бекшойын, Парасат, Теона, Наира, Ханкелді, Хансұлу, Ханшайым, Сафият, Шахкерім, Тасним, Танаиса, Зейна. Ал ұлдарда Ислам, Әлиислам, Нұрислам, Альхам, Темірлан, Хан, Ибраhим, Мұзаффар, Абдуссәләм есімдері жиі кездесетін көрінеді.
«Сонымен қатар біз астаналықтар арасындағы ең танымал 15 есімнің тізімін жасадық. Ұлдардың есіміне тоқталсақ, бұл Әлихан, Әмір, Әли, Санжар, Арлан, Айсұлтан, Әлтайыр, Әрсен, Ерасыл, Мансұр, Әлинұр, Амир, Алдияр, Омар, Алан. Ал қыздардың ең танымал есімдері – Медина, Айлин, Айша, Амина, Айзере, Айару, Аяла, Раяна, Сафия, Томирис, Әдия, Аружан, Аиша, Амира, Малика», – дейді Сарыарқа аудандық АХАТ бөлімінің басшысы Бақытгүл Шәйкенова.
Абдусалам есімі араб тілінде «Алланың құлы» (Құтқарушының) мағынасын береді. Ал қыздар арасындағы ерекше есім Зейна араб тілінен «әдемі» деп аударылады.
Тағы оқыңыз: Қазақстандық жұлдыздар балаларына қойылған ерекше есімдер
Ал қазақ есімдерін зерттеп жүрген Бердалы Оспанның сөзінше, әр есімнің өзінің терең мағынасы бар.
«Әр есімның өзіндік мағынасын ашуға болады. Оның терең мағынасы бар. Қыздарға тылсым күштер ықпалы етпейді деп саналады. Сондықтан оларға әдемі есімдер беріледі. Олардың біразында «ай» қосымшасы бар. Ал ұлдарды тіл-көзден қорғау үшін жағымсыз есімдер де бірген», – дейді Бердалы Оспан.