Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түйені қағып өлтірген: Ақтауда шопан көлік жүргізушісіне өтемақы төлейтін болды

2020 жылдың жазында Сай-Өтес – Шетпе тас жолында жол апаты болды. Toyota Camry жүргізушісі көлік жүретін жолға шығып кеткен түйені қағып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада басылымына сілтеме беріп.

Сот қаулысымен жүргізушіге қатысты қозғалған әкімшілік іс оның іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Жүргізуші полицияға хабарласып, жол-көлік оқиғасы салдарынан оның көлігіне келтірілген материалдық залалды өндірмек болды. Ол соттан 2,5 миллион теңге өндіріп алуды сұрады. Оған қоса автомобильге келтірілген залалды бағалау жөніндегі қызметтер үшін 30 000 теңге, мемлекеттік баж үшін 25 285 теңге өндірмек болды.



Маңғыстау аудандық соты келтірілген залалды өндіріп алу туралы талапты қанағаттандырды.

“Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 935-бабының талаптарына сәйкес жауапкерден талапкердің пайдасына өндіріп алынатын мүліктік залалдың мөлшері апелляциялық алқаның шешімімен 50 пайызға азайтылды”, – деді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот шешіміне сәйкес, фермер зардап шеккен автокөлік үшін шығын ретінде 1 264 244 теңге және сот шығындары үшін 27 642 теңге мөлшерінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

 

Талқылау