AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда жерлеуден 3 сағат өткен соң марқұмның денесін қабірден қазып алған

Ақтау тұрғыны ағасының мәйітін жерлегеннен кейін 3 сағаттан соң қайта қазып, басқа зиратқа көмгендерге ашулы. Оның айтуынша, бұны салттық қызмет көрсететін агенттік қызметкері істеген. Енді Юрий Коновалов кінәлілер жауапкершіліктен құтылып кетеді деп уайымдап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға 2020 жылдың 15 шілдесінде болған. Сол күні Юрий Коновалов немере ағасын оның анасының бейітінің жанына жерлеген. Ол ағасы қайтыс болғаны туралы марқұмның Бакуде тұратын туыстарына хабарлаған. Туыстарынан жерлеуге нотариалды құжат алғаннан кейін ол мәйітті жерлеу жұмыстарымен айналыса бастаған.  

"Жерлеу рәсімдерімен айналысу үшін қаладағы екі жерлеу қызметіне хабарластым. Агенттіктердің бірінен Мәскеуде тұратын әпкем Ирина Хасанова қаланың шетінде, жаңа жерлеу агенттігінен орын дайындап қойғанын білдім. Мен оған қарсы болдым, себебі ұлы анасының жанында, қаладағы зиратта жерленуі керек. Әпкеммен жеті жылдан бері араласпаймыз, оны не үшін істегені түсініксіз", – дейді Юрий Коновалов.  

Ал оның немере ағасына арнап зират дайындағаны ақтаулықты таңғалдырған. Содан кейін қабір қазу бойынша бригада жалдаған.

"Мәйітханада марқұмның жерлеуге ресми құжат алғаннан кейін, сол бригадамен бірге зиратқа келдім. Осылайша 2020 жылдың 15 шілдесінде жерледік. Содан үш сағат өткен соң зират директоры маған хабарласып, ағамның қабірі қайта қазылғанын айтты. Осы жерге келген соң жерлеу орнына төселген тас жоқ екенін, ал қабір үсті құмға толғанын көрдім. Сол жерден кетпей тұрғанымда зират қызметкері не болғанын айтты. Ол жерлеу агенттігінің қызметкерлері марқұмның денесін алып, зираттан тыс жерге шығарғанын жеткізді", – дейді Юрий Коновалов.

Осылайша ер адам Ақтаудағы прокуратураға арызданған. Мәйіттің заңсыз эксгумациялануына байланысты Қылмыстық кодекстің 314-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Артынша бұл дерек бойынша қажет тергеу шаралары жүргізілген. 

Коновалов тергеу барысында салттық қызмет көрсететін агенттік директорының нұсқауы бойынша Романовтың бейіті қазылып, мәйіті Ақтау маңында орналасқан зиратқа қайта жерленгені анықталғанын айтты.



"Мені шатастыру мақсатында ағамды бірінші жерлеген жерге агенттік директорының нұсқауы бойынша крест орнатылған. Осылайша қайтыс болған адамның денесі осы жерде деп көрсеткісі келген. Салттық қызмет көрсететін агенттік директорының іс-әрекеттері ешқандай логика мен моральдық ережеге сай емес. Оның не себепті осылай істегенін әлі күнге дейін түсінбедім", – дейді ол.

Енді Юрий Коновалов күдіктілер жауапкершіліктен құтылып кетеді деп уайымдайды. Оның айтуынша, содан бері бір жыл өткен. Алайда іс әлі қозғалмапты.

“Істің сыбайлас жемқорлыққа байланысты тоқтап тұрғанына сенімдімін. Қылмысқа қатысы бар адамдар анықталды, куәгер бар. Бірақ іс бір жылдан астам уақыт бойы сотқа тапсырылмады. Тергеу бір орнында тұр, тіпті істі жапқысы келеді", – дейді ер адам.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр