Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрмеде 25 сантимертлік темір жұтқан алматылық ер адам 2,5 жылдан кейін ота жасатты

Алматыда хирургтар ер адамның асқазанынан 25 сантиметрлік арматура алып шықты, деп хабарлайды Stan.kz Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

арматураАсқазандағы арматурамен ер адам 2,5 жыл жүрген. Жедел жәрдем дәрігерлері үшін ағзадағы бөтен затты алып тастау күрделі емес. 54 минут ішінде операциялық бригада сәтті ота жасады.

"Ол 28 қыркүйекте ауруханаға асқазанында ауырсыну бар екенін айтып келді. Науқастың айтуынша, екі жылдан астам уақыт бұрын ол тергеу изоляторында болған. Сонда арматураны жұтқан көрінеді. Науқастың сөздері рентген диагнозының нәтижесінде расталды, ер адамға дереу ота жасалды. Операция сәтті өтті, науқас ояту палатасына ауыстырылды", - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінің хирургі Темірхан Қожахметов.

арматура

Дәрігерлер екі жылдан астам уақыт бойы асқазандағы металл зат проблема тудырмағанын сирек жағдай деп атады.

 

Талқылау