Түрмеде 25 сантимертлік темір жұтқан алматылық ер адам 2,5 жылдан кейін ота жасатты
Алматыда хирургтар ер адамның асқазанынан 25 сантиметрлік арматура алып шықты, деп хабарлайды Stan.kz Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Ол 28 қыркүйекте ауруханаға асқазанында ауырсыну бар екенін айтып келді. Науқастың айтуынша, екі жылдан астам уақыт бұрын ол тергеу изоляторында болған. Сонда арматураны жұтқан көрінеді. Науқастың сөздері рентген диагнозының нәтижесінде расталды, ер адамға дереу ота жасалды. Операция сәтті өтті, науқас ояту палатасына ауыстырылды", - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінің хирургі Темірхан Қожахметов.

Дәрігерлер екі жылдан астам уақыт бойы асқазандағы металл зат проблема тудырмағанын сирек жағдай деп атады.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек