AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрме қабырғасынан жоғалып кеткен "Дикий" Арманның қайда екені белгілі болды

Бүгін 2 қаңтар күні еліміздегі қақтығыстарға қатысы бар деген күдікпен ұсталған Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің түрме қабырғасынан жоғалып кеткені белгілі болған. Күдіктінің тұрған жерін оның адвокаттары анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаушылардың айтуынша, ақпанның 1-інен 2-не қараған күні олар Арман Жұмагелдиевтің тергеу изоляторынан жоғалып кеткені туралы ақпарат алады.

"Бізде оның Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында (Масанчи көшесінде орналасқан) екені туралы ақпарат болғанымен, бүгін таңертең ол жерде болмай шықты. Содан соң біз Алматы қалалық ҰҚК-не барып, уақытша ұстау изоляторының өкілін алдымызға шығуын талап еткенімен, олар бүгін санитарлық күн екенін айтты. Ешқандай ақпарат айтқан жоқ. Одан кейін Алматы қаласының Орталық тергеу изоляторына (Красногорская көшесінде) бардық, онда бармас бұрын сағат 10.00-ге алдын ала жазылдық. Бізге растады, арнайы бөлімшенің қызметкерлері базаны қарап шығып, ақпанның 1-нен 2-сіне қараған түні Арман Жұмагелдиевті прокурордың санкциясымен Алматы қаласы бойынша ҰҚК-нің изоляторына алып кеткенін айтты", – дейді заңгер Талғат Есімов.


Оның айтуынша, оларға Арман Жұмагелдиевті не үшін алып кеткенін түсіндірмеген.

"Бұған дейін біз келесі аптада өзі отырған тергеу изоляторында тергеу әрекеттерін бастаймыз деп келіскен едік. Оның үстіне біз оны басқа оқшаулау камераларына ауыстыру жоспарда бар ма екенні сұрағанымызда жоқ деп жауап берген. Біз себебін білмейміз, бірақ бізді адастырғысы келген секілді. Арман Жұмагелдиев ешкімнен жасырынып жүрген жоқ", – деді қорғаушы.

1 ақпан күні адвокаттар қорғауындағы азаматтың аяқ асты жоғалып кеткені туралы ақпарат таратқан болатын.

Айта кетейік, 11 қаңтарда Арман Жұмагелдиевке қатысты бұлтартпау шарасы қабылданған болатын. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр