Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі: Қазақстанның Түркиядағы елшісі мәлімдеме жасады

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. 

"Құрметті отандастар! Бүгін, 30 қазанда Эгей және Мармара жағалауында 6,6 баллдық жер сілкінісі болды. Эпицентрі - Эгей теңізінің Сеферихисар төңірегі. Жер сілкінісі Эгей және Мармара жағалауларының көптеген қалаларында қатты сезілді. Жер сілкінісінен кейін Измир қаласының Байраклы және Борнова аудандарындағы бірнеше ғимараттың қирағаны туралы хабарланды", - делінген хабарламада.



Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен қазақстандықтардан келесі нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды:

Абылай Амандықов +905384409677

Асылбек Сыдықов +905367772827

Лаура Болатова +905396903114

ҚР Измирдегі құрметті консулы Фатих Карадениз +905323833135

Азра Ахмедьянова +905347023135.

Айта кетейік, кеше Түркия мен Грекияда жойқын жер сілкінісі болды.

Талқылау