Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркиядағы жер сілкінісі: Топырақ астында бір тәулік бойы қалып қалған екі жасар қыз құтқарылды (видео)

Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін жүргізіліп жатқан құтқару жұмыстарының нәтижесінде үйдің үйінділерінің астынан екі жасар қыз бен оның анасы тірі күйінде табылды, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркиядағы жер сілкінісі

Түркия БАҚ-тың мәліметіне сәйкес, Элязыг қаласында қыз бала мен анасы топырақ үйінділерінің астында бір тәуліктен астам уақыт болған. Бүлдіршін - дін-аман, ал оның анасын шығаруға құтқарушылар төрт сағаттарын жұмсапты. Олар әйелмен сөйлесу арқылы жқмыс атқарып отырған. Екеуі де шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліпті.

Еске салайық, бұған дейін Түркияда ауыр жер сілкінісі болғаны жайлы айтылған еді. Алғашында 20 адам көз жұмды деп айтылған, қазіргі кезде олардың саны  31-ге артыпты.
 

Талқылау