Түркияда белгісіз біреулер Procter & Gamble зауытының жұмысшыларын тұтқынға алды
Ыстамбұлдан шығысқа қарай орналасқан Procter & Gamble зауытында екі қаскөй 7 адамды кепілге алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Cumhuriyet газетінің жазуынша, әуелде қаруланған ер адам Газа секторындағы жағдайға наразылық ретінде зауыт қызметкерлерін кепілге алды деген ақпарат түскен. Оқиға орнына арнайы жасақ келді.
"Екі адам жұмысшыларды ұстап әкетті, оларда бомбаға ұқсайтын әлдене бар. Қаскөйлердің бірі – сырлаумен айналысқан зауыттың бұрынғы қызметкері Ибрагим Й.", – деп жазды басылым.
Зауыттың бұрынғы қызметкері кепілге алынған адамдарды әлеуметтік желілерде көрсетті. Болжам бойынша, 7 олар адамды әкеткен, оның ішінде әйел де бар. Жағдайлары жақсы.
Сондай-ақ тұтқынға алынған ер адамдардың бірінің туған күні екен. Мерекеге бәрі дайын болғандықтан, қылмыскерлер оған туған күнін атап өтуге рұқсат берген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"