Түркияда жұмыс істеген қазақстандық құтқарушыларға ақшалай сыйақы төленеді
ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркиядағы құтқару операциясына қатысқан қазақстандық мамандарға ақшалай сыйақы төленетінін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Министрлік құтқарушылардың тізімі мен барлық қажетті құжаттарды президент әкімшілігіне жібергенін жеткізді.
"Қазір Төтенше жағдайлар министрлігі өз бюджетінен құтқарушыларға cыйақы төлеуді жоспарлап отыр", – деді Ибрагим Күлшімбаев.
Еске салсақ, Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға құтқарушылардың тағы бір бортын жіберуге тапсырма берген еді. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Түркиядағы жер сілкінісінен кейін құтқару-іздестіру жұмыстарына қатысқан қазақстандық құтқарушылардың суреттері мен қысқаша өмірбаяндарын жариялады.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген