Түркиядағы құтқару-іздестіру жұмыстарына қатысқан қазақстандық құтқарушылардың есімдері мен фотосуреттері жарияланды
Төтенше жағдайлар министрлігі Түркиядағы жер сілкінісінен кейін құтқару-іздестіру жұмыстарына қатысқан қазақстандық құтқарушылардың суреттері мен қысқаша өмірбаяндарын жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдегі құтқару процесіне қатысқан жеті құтқарушының есімдері белгілі болды.
Кәмерденов Жанат Болатұлы – бас құтқарушы

ТЖМ қатарында 2004 жылдан бері жұмыс істейді. ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінде 2019 жылдан бастап жұмыс істей бастады.
Отрядта жұмыс істеген кезеңде әртүрлі ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Оннан астам адамды құтқарған.
Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Ведомстволық наградалармен марапатталған.
Кендібаев Руслан Серікұлы – бас құтқарушы

Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.
Киімбаев Айдын Темірбекұлы – құтқарушы

Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.
Нұғманов Әлібек Алдабергенұлы – бас құтқарушы

Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.
Нұрғалиев Ұлан Қайратұлы – бас құтқарушы

Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.
Төлегенов Кенжеболат Жамсанұлы – бас құтқарушы

Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.
Танлашев Талғат Алпысұлы – бас құтқарушы-кинолог

Қызмет барысында жасақта су айдындарында және таулы жерлерде түрлі ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. Нұрдағы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарында болды. Ведомстволық наградалармен марапатталған.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты