Қазақстан Түркияға тағы 60 құтқарушы жібереді
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға құтқарушылардың тағы бір бортын жіберуге тапсырма берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, екінші эшелонның құрамында 60 адам енді. Олардың ішінде құтқарушылар, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен кинологтар бар.
Құтқарушылардың екінші тобы 150-ге жуық апаттық-құтқару құралдарын және 160-тан астам дәрі-дәрмек түрін жеткізеді.
Осылайша, Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылатын қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамға жетеді.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген