Түркияда 3 жасар қазақстандық қызды заңсыз ұстаған
Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Қазақстанның 3 жасар азаматы Түркиядан туған анасына қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Комитеттің дерегіне сүйенсек, баланы Түркия Республикасының аумағында үшінші тұлғалар заңсыз ұстаған.
“Кішкентай қызымыздың аман-есен оралуы үшін орасан зор жұмыс атқарылды. Барлық құзыретті орган осы процеске тартылып, дипломатиялық арналар арқылы тиісті хаттар жіберілді. Сонымен қатар көптеген кездесу мен келіссөз жүргізілді. Бұл барлық қатысушы тараптардың үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында мүмкін болды”, – деді комитет.
Комитет өкілінің айтуынша, Қазақстан Республикасының азаматы саналатын әрбір бала қорғаусыз қалмайды.
“Біз балалардың туған елінде қауіпсіз, әрі сүйіспеншілікке толы ортада өсіп-өркендеуі үшін бар күшімізді саламыз. Барша қатысушы тараптарға осы маңызды істегі қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз”, – деп атап өтті оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жоғалып кеткен үш жасар қызды өлтіріп кеткені туралы жазған едік. Полиция күдіктілердің ұсталғанын хабарлады. Олар қамауда отыр. Кішкентай Айя-София бір айдан астам уақыт бұрын Күш ауылында із-түзсіз жоғалып кетті. Оны әлі таппай жатыр. Кейбіреулер қызды ұрлап кеткен деп есептейді. Біреулер сатып жіберді деп болжады. Қыздың анасының өзі оны өлтірген деген ой да бар.