Түркияда туристер автобусы аударылып, 26 адам зардап шекті
Түркиядағы Қараманда экскурсия жасауға арналған автобус аударылып, салдарынан 26 адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TGRT Haber сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зардап шеккендердің ішінде үш адамның жағдайы ауыр.
Автобус жүргізушісі Сусакли Махаллеси Ахмет Келешоғлу мәдени орталығының жанында төбеге көтеріле алмады. Нәтижесінде ол рөлді басқара алмай, көлік аударылды.
Жүргізушінің өзін қосқанда 26 адам зардап шекті. Олар Ерменек мемлекеттік ауруханасына жеткізілді.
Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар болды ма, әзір белгісіз.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған