Түркияда қиранды астында он күн жатқан 77 жастағы әжей құтқарылды
Түркияда құтқарушылар қираған ғимарат астында он күн бойы жатқан 77 жастағы әжейді аман алып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Адыяман қаласында қариядан бөлек, 12 жастағы бала да дін-аман табылды. Сондай-ақ 222 сағат бойы үйінді астында жатқан 44 жастағы әйел Қахраманмараш қаласынан табылған. Мұндай ғажайыпқа қуанған Түркия жұртшылығы ел президенті Режеп Тайып Ердоғаннан іздестіру жұмысын тоқтатпауды сұрайды.
Мемлекет басшының келтірген дерегі бойынша зілзала болған аймаққа Түркияның 71 провинциясынан 250 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер тартылған. Олардың 35 мыңы іздестіру-құтқару жұмысына қатысып жатыр. Бұған қоса 12 жарым мыңға жуық құрылыс техникасы, 76 ұшақ пен 26 кемені пайдаланып жатыр. Түркия билігі наурыз айында 30 мың тұрғын үйдің құрылысын бастайтынын хабарлады.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”
