Түркияда қираған ғимараттардың құрылысына қатысы бар 564 адам ұсталды
Түркияда жел сілкінісінен қираған тұрғын үйлер құрылысына қатысты қылмыстық іс бойынша 160 адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Анадолы сайтына сілтеме жасап.

Жойқын жер сілкінісі болған провинциялардың прокуратуралары қираған нысандардың құрылысына қатысы бар деген күдікпен 6 ақпаннан бері 564 адамды ұстады. Кейіннен ұсталғандардың 160-ы қамауға алынды, 175 күдіктіге қатысты сот бақылауы тағайындалды.
Сонымен қатар, 71 күдіктіні тұтқындауға және 61 адамды ұстауға ордер берілді.
Бұдан бөлек, прокуратура апат аймағындағы ұрлық фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Еске салайық, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан түрік елінде қаза болғандар саны 42,3 мыңнан асты.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді