Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус жол апатына ұшырады
Түркияның Мугла қаласының Милас ауданына ресейлік және қазақстандық туристерді тасымалдап апара атқан микроавтобус жантүршігерлік апатқа ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мuglagazetesi порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: muglagazetesi
Алдын ала мәліметтер бойынша, апат салдарынан 13 турист зардап шегіп ауруханаға жеткізілген.
“Алынған ақпаратқа сәйкес, 112-ші топқа таңғы сағат 7:00 шамасында мидибустың аударылып, ішінде зардап шеккендер бар деген хабар келді. Милас-Кору жолындағы оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем көліктері, полиция, өрт сөндіру және құтқару бригадалары жіберілді”, – делінген хабарламада.
Оқиға орнына келген бригадалар зардап шеккен ресейлік және қазақстандық 13 адамды мидибустан шығарып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаларға жеткізген. Полиция оқиға бойынша тергеудің басталғанын жеткізді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған