Түркияда Ердоған сөз сөйлейтін парламент отырысына санаулы сағаттар қалғанда жарылыс болды (видео)
Түркияның Анкара қаласының Чанкая ауданында орналасқан Қызылай алаңында жарылыс болды. Аталған оқиғаға қатысты Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Milliyet басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Бейнеден алынды
Түркия басылымының хабарлауынша, 1 қазан күні сағат 09:30 (Астана уақытымен 12:30) шамасында екі белгісіз адам көлікпен келіп, шабуыл жасап, екі офицерді жаралаған. Елдің ішкі істер министрі шабуыл жасаушының министрлік ғимаратының алдында өзін жарып жібергенін, екінші шабуылшының "зарарсыздандырылғанын" айтты.
Жарылыс парламенттің жиналуына санаулы сағаттар қалғанда болды. Президент Режеп Тайып Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылуын мақұлдайтын парламент отырысының ашылуында сөз сөйлеуі керек болған.
Оқиға орнына жедел қызмет жетіп, полиция жақын маңдағы бірнеше жолды жауып тастады.
"Соңғы лаңкес залалсыздандырылғанға дейін күресіміз жалғасады", – деп жазды Ерликая әлеуметтік желіде.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ