Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия президенті Украинаға Зеленский және БҰҰ басшысымен кездесуге келді

Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоған Украинаға келді. Сапар барысында ол Владимир Зеленский және БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттеришпен кездеседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Эрдоған

Түркия делегациясының құрамында дипломатия басшысы Мевлют Чавушоглу, ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Хакан Фидан, Президент әкімшілігі жанындағы қорғаныс өнеркәсібі басқармасы басшысы Исмаил Демир, билеуші Әділет және даму партиясының ресми өкілі Омер Челик және Түркия үкіметінің кейбір басқа мүшелері бар. Олардың арасында Baykar Makina компаниясының бас директоры Халук Байрактар да бар.



Түркиялық БАҚ мәліметінше, Эрдоған Зеленскийге Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу ұйымдастыруды, сонымен қатар оқ атуды тоқтату режимін енгізуді ұсынбақ.

Кездесу барысында соғысты деэскалациялау мүмкіндігі, Украина порттарынан Қара теңізге кемелердің қозғалысы, азық-түлік пен астық экспорты, сондай-ақ Запорожье атом электр станциясы төңірегіндегі жағдай талқыланады деп күтіледі.

Талқылау