Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

2024 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалының жолдамасы үшін Түркия мен Нидерланды құрамасы өзара мықтыны анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gettyimages.ru/

Түркия мен Нидерланды құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финал аясында кездесіп, нидерландықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймның 35-минутында Акайдын Самет қарсылас команданың қақпасына баспен тамаша гол соғып, түріктерді алға шығарды. Түркия құрамасы осы басымдығын барынша ұстап қалуыға тырысты. Бірақ Нидерланды құрамасы толассыз шабуылдар ұйымдастырып, ақыры 70-минутта Де Врей Стефан баспен гол соғып, діттегеніне жетті. Араға 6 минут салып, Мерт Мюлдир өз қақпасына гол соғып алып, Нидерландыға жеңіс голын сыйлады. Осылайша Нидерланды құрамасы жартылай финалға шыққан төртінші команда атанды.

Айта кетейік, Нидерланды жартылай финал аясында Англия құрамасына қарсы ойнаса, Испания мен Франция өзара мықтыны анықтайды. Жартылай финалдық матчтар 9-10 шілде күндері өтеді.  

Талқылау