Түркістандық түлектер көп балалы отбасына үй сыйлады
Бүгін 20 жыл бұрын Түркістан облысы Түлкібас ауданы Абай атындағы мектеп-лицейін бітірген түлектер көп балалы Дүйсенбековтер отбасына 4 бөлмелі үй сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы қоңырау мерекелік шарасынан кейін түлектер тосын сый жасап, үйдің кілтін мұқтаж отбасына тапсырды. Отбасының отағасы мүгедек. Дүйсенбековтер отбасының жалдамалы пәтерде тұрып жатқанына 13 жыл болған.
Пәтер жөнделді, қажетті жиһаздармен жабдықталды, электр энергиясы, су және газ қосылды. Әлі де аудан әкімдігінің қамқорлығында отырған отбасы болашақта мемлекет тарапынан көмек алады.
Сонымен қатар, осыдан 20 жыл бұрын бітірген Дауан жалпы орта мектебінің түлектері Тәжібаевтар отбасының қираған үйін қалпына келтіріп берді. Бұл отбасында ерекше қажеттілігі бар төрт адам тұрады.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді