Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марат Омаров некесіз туған немересіне 3 бөлмелі үй сыйлады

Марат Омаров некесіз туған немересіне 3 бөлмелі үй алып берді. Немересі Көзайым анасы екеуі бұдан былай өз үйінде тұрады. Одан бөлек әнші келіні Кәмшат Таубайға тігін машинасын сыйға тартты. 

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды.

Бұған дейін әнші Марат Омаровтың некесіз туған немересі бары белгілі болды. Әншінің ұлы Азаматтың өз отбасынан бөлек бір қызы бары ел алдында жария болды. Кәмшат Таубай Азаматтың өзін жүкті етіп тастап кеткенін айтқан еді.

ДНҚ сараптамасына сәйкес, кішкентай Көзайымның Азаматтың туған қызы екенін расталды. Осыдан соң Омаровтар әулеті Көзайыммен араласып, көмек көрсетіп келді. 



Ал жақында әнші Марат Омаров немересіне Түркістаннан 3 бөлмелі пәтер сыйлады. Енді анасы мен қызы өз үйлерінде тұрады. 

"Біздің көбейіп жатқанымыз қуанышты жайт. Мен немереме Түркістан қаласынан 3 бөлмелі үй сыйладым. Келінім Кәмшат өте өнерлі қыз. Ол кәсіби тігінші екен. Сондықтан тігін машинасын сыйға бердім. Бұдан былай Көзайымға неше түрлі көйлек, атасына әртістік костюм тігіп береді деп ойлаймын. Оған риза болдым", - деді Марат Омаров. 

Талқылау