Ақтөбеде 90-жылдардағы той кортежін жасағандар айыппұл арқалады
Ақтөбеде 90-жылдардағы той кортежін жасағандар полиция назарына ілікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан 90-жылдардағы той стилінде безендірілген көліктерді көруге болады.
Алайда полиция мерекелік көңіл-күйге қарамастан, жол қауіпсіздігі талаптарын сақтау маңызды екенін ескертті.
Полиция қызметкерлері бейнебақылау кезінде бірнеше жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады.
“Кейбір жүргізушілер жолаушыларды көліктің кабинасынан тыс тасымалдаған. Сондай-ақ күндіз көліктің жарық шамдары мен дыбыстық сигналдарын қолдану талаптарын бұзған. Құқық бұзған жүргізушілердің барлығы анықталды. Олардың Қарғалы ауданының тұрғындары екені белгілі болды. Заң талаптарын бұзған азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шара қолданылды”, – делінген хабарламада.

Полиция азаматтарға қандай жағдай болмасын, жол қозғалысы ережелерін сақтап, өздерінің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау керегін еске салды.
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
Ұлттық банк шешімінен кейін банктер жаңа депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін
Ақша-кредит саясаты мен базалық мөлшерлеменің экономикаға әсері белгілі бір уақыт өткеннен кейін байқалады.