Жезқазғанда той кортеджінің қатысушылары жазаланды
Жезқазғанда той кортежіне қатысқан көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, 8 тамызда жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы Сарыарқа көшесінде кетіп бара ажтқан автокөліктер колоннасын байқаған. Кейін көліктердің үйлену тойына бара жатқаны анықталды.
Полиция бірден бірнеше жол қозғалысы ережесінің бұзылғанын тіркеді.
“Атап айтқанда, жолаушылар қозғалыстағы көліктердің терезесінен денелерін шығарған. Сондай-ақ жүргізушілердің бірі көлікті басқаруды жүргізуші куәлігі жоқ адамға берген. Бұдан бөлек, қарсы жолаққа шығу фактісі де анықталды”, – делінген полиция жауабында.
Барлығы алты адам жауапкершілікке тартылды. Екі көлік айыптұраққа қойылды.
Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін сақтап, өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірмеу қажет екенін еске салды.
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
Ұлттық банк шешімінен кейін банктер жаңа депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін
Ақша-кредит саясаты мен базалық мөлшерлеменің экономикаға әсері белгілі бір уақыт өткеннен кейін байқалады.
