Оралда жол ережесін бұзған "Өрмекші адам" мен "Супермен" айыппұл арқалады

Фото: Рolisia.kz
Оралда полиция қызметкерлері “Marvel” кейіпкерлері “Өрмекші адам” мен “Супермен” бастаған кортеджді тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
15 маусым күні кешке Оралдың полиция қызметкерлері бірнеше көліктен тұратын ерекше автокортежді тоқтатты. Көлік жүргізушілері мен жолаушылары “Marvel” киноәлемінің кейіпкерлерінің костюмдерін киіп алған. Бірақ бұл жол ережесін бұзған оларды жауапкершіліктен босатпады.
Тексеру нәтижесінде көлік жүргізушілері мен жолаушылар бірнеше жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.
Нәтижесінде келесі әкімшілік хаттамалар толтырылды:
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 2-бөлігі бойынша — 11 хаттама (қауіпсіздік белдігін тақпау);
- 590-баптың 5-бөлігі бойынша — 3 хаттама (мемлекеттік нөмір белгілеріне қойылатын талаптарды бұзу);
- 593-баптың 3-бөлігі бойынша — 1 хаттама (алдыңғы орындықта қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыны тасымалдау);
- 595-баптың 1-бөлігі бойынша — 1 хаттама (жол қиылыстарынан өту тәртібін бұзу);
- 590-баптың 2-бөлігі бойынша — 1 хаттама (пайдалануға тыйым салынған техникалық ақауы бар көлік құралын басқару).
Полиция барлық жүргізуші мен азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"