Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістандағы қайын ата мен келіннің оқиғасы: Ортадағы екі кішкентай баланың әкесі кімнен екені белгілі болды

Түркістандық қайын ата мен келіннің оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Отбасылық сорақы мәселе көпке белгілі болды. Күйеуі әйелін, әйелі енесін кінәлады. Ал ортадағы екі кішкентай баланың әкесі кім екенін ДНҚ сараптамасы анықтап берді. 

Бұл туралы "Астары ақиқатта" айтылды.

Әсия есімді келіншек қайын атасы Үсенмен 8 жылдан бері қатынаста болған. Күйеуі Рүстем бұл жайттан жақында ғана хабардар болғанын айтты. 

Әсия қайын атасымен ешқандай зорлықсыз өз еркімен қосылғанын айтады. Күйеуі мен енесінен қорлық көрген әйел атасынан қамқорлық көріп, кейін сезімнің жетегінде кеткен. Осылайша туыстық қатынас жыныстық қатынасқа ұласыпты. Ал Үсен мырза кезінде қайын енесімен де жақын болғанын мойындады.

"Мен атаммен өз еркіммен төсектес болдым. Себебі күйеуімнен көргенім тек қорлық еді. Бірінші ұлымды туған соң атаммен жақын болдым. Ол мені зорлаған жоқ. Өз туыстарым менің сөзіме сенген жоқ. Менің баратын жерім болған жоқ. Бірақ екі ұлым да күйеуімнен туған. Атасының балалары емес. Күйеуімнің маған көрсетпегені жоқ. Мені ұрып-соқты. Ойына келгенін істеді. Мені қинап видеоға түсірді. Менің көзімше әйелдер әкелді", - деді Әсия.

Ал күйеуі Рүстем екі ұлының өз балалары екеніне көз жеткізгісі келді. 

ДНҚ сараптамасы нәтижесінде Раушанбек пен Рахматулла есімді екі баланың 100 пайыз ұқсастықпен Рүстемнің ұлдары екені белгілі болды. Сонымен қатар Ерметов Үсен мен Нұржанов Рүстемнің туыстық ықтималдығы 99,9 пайыз екені расталды. Яғни, көпшілік күмәнданғандай емес, Үсен мырза Рүстемнің туған әкесі болып шықты. 

"Мен ұлымды жақсы көремін. Оның туған кезін, өскен кезін көрген жоқпын. Ол кезде түрмеде болдым. Бірақ оған әке болдым. Оған көмектестім. Оның Әсиямен қосылғанын қалаймын. Әсияны не ұлымды таңдаймын деп айта алмаймын. Немерелерімді таңдаймын", - деді қайын ата. 

Оқиға қалай өрбісе де Үсен мырза өзін кінәлі сезінбейді. Оқиғаға отбасы кінәлі деп санайды. Ал мамандар Әсия ешкімнен қамқорлық көрмеген соң кездескен азаматпен көңіл қосты деп болжады. 

Әсия алдағы уақытта психологтердің көмегіне жүгінбек. Одан бөлек медициналық тексеруден өтеді. Рүстеммен қосыла ма, Үсен мырзамен бірге тұра ма өз қалауы біледі. Осылайша оқиғаға нүкте қойылды. 

Айта кетейік, осы даулы оқиғадан соң желі қолданушлары мен қоғам белсенділері  "Астарлы ақиқат" бағдарламасын жабуды талап етті. Олар "сексуалды әрі отбасылық сорақы мәселелерді елге жария ету ешқандай тәрбие бермейді" деп даурықты. 

Талқылау