Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маған үлкен әйелдер де ұнайды": Түркістанда келініне үйленіп алған қайын ата оқиғаның қалай болғанын түсіндірді

Түркістандағы келін мен қайын атаның оқиғасы елде қызу талқыда. Елді елең еткізген оқиға желіде таразыға түсті. Көпшілік қайын ата мен келінді, енді бірі ене мен күйеуін айыптап жатыр. Ал қайын ата өзін ақтап әлек. 

Бұл туралы "Астарлы ақиқатта" айтылды.

Түркістанда Үсен есімді азамат өз келінін әйел етіп алды. 8 жылдан бері жақын қатынаста болғанын мойындаған ол өз әйелінен безіп, келінімен жақындасқан. Туған келінімен бүгінде ерлі-зайыпты болып тұрып жатыр. Ал ұлы мен бұрынғы әйелі шындықты білуге ұмтылды. 

Рүстем әйелі мен әкесінің ойнас жасап жүргенін жақын уақытта білген. Көзі жеткен соң соққыға жығып, әкесін де, әйелін де аямаған екен. Осыдан соң келіні мен қайын атасы біржола бөлек кеткен. Екі ұлы анасымен тұрады. 

Рүстем өзі сүйіп қосылған Әсия есімді қыздың опасыздығын кешіре алмайды. Ал әкесін әке деуге аузы бармайды. 

"Мен қыркүйек айында әкем мен әйелімді ұстап алдым. Әкем Атырауға кеткенде әйеліме төсіңнің суретін жіберші деп жазыпты. Мен оның хатын оқып қойдым. Әйелімді ұрдым. Кейін әкемді ұрдым. Мен үлкен ұлымды өз балам екенін білемін. Одан кейін бір қыз, бір ұл туған. Олардың менің балам екеніне күмәнім бар. Егер олар менің балам болмаса, кете беремін. Іні де болмай-ақ қойсын. Әкем де керек емес маған. Өздерімен кетсін", - деді Рүстем.

Ал Үсен мырза келіні Әсияның өз еркімен қосылғанын айтты. 

"Оған енесі күн көрсеткен жоқ. Ұрып-соқты. Жетім деп қорлады. Сондықтан Әсия маған жақын болды. Менімен өз еркімен қосылды. Мен оны зорлаған жоқпын. Мені әйелім мен ұлым жабылып ұрды. Екеуміз осыдан соң бөлек кеттік. Келінім күйеуі мен енесіне ерегесті. Мен де шаршап кеттім", - деді ол. 

Алайда бағдарлама қонақтары мұндай сөздер әрекетті ақтай алмайтынын айтып жатыр. 

Үсен мырза жас қыздармен ғана емес, үлкен әйелдермен де жақын болғанын, тіпті өз енесімен қатынаста болғанын жасырмады. 

Бұл ретте Үсеннің енесі Бибісара Нұржанова күйеу баласынан  қорлық көргенін айтты. 

"Ол кейде шегеді. Шегіп алып маған да көрсетпегені жоқ. Мойнымнан қылқындырып, бауыздаймын деп қорқытып білгенін істеді. Оған сенім жоқ. Келінімен тыр жалаңаш жатқанын өзім де көргенмін", - деді енесі. 

Айта кетейік, Түркістанда қайын атасы мен келіні үйленіп, бірге тұрып жатқанын жазған едік. Жас келіннің енесі Гүлнәр өз ақиқатын айтып, күйеуінің опасыздығын ел алдында жайып салды. 

Әкесі мен ұлы ДНҚ сараптамасын жасатуға дайын. Екі баланың әкесі кім екенін анықтау үшін екеуі де тексеруден өтеді. Нәтижесі алдағы уақытта анық болмақ. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр