Түркістандағы екі баланың өліміне қатысты тың деректер айтылды
Өз балаларын тұншықтырып өлтірді деген күдікпен іздестіріліп жатқан әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Болған жағдайға қатысты Шиелі аудандық білім бөлімі пікір білдірді.
“Жағдай әлі толық зерттелген жоқ және әзірге ешқандай нақты ақпарат жоқ. Болжам жасап, жалған ақпарат таратпауға шақырамыз. Егер іздеудегі күдіктіні көрсеңіз дереу тиісті органдарға хабарласыңыз”, – делінген хабарламада.
- Чилидің бұрынғы президенті тікұшақ апатында қаза тапты
- Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылды
Бұған дейін Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылғаны туралы жазған едік. Кей деректерге сүйенсек, оларды өз анасы жастықпен тұншықтырып өлтірген. Қайғылы жағдайға байлысты Түркістан облысының полиция департаменті мәлімдеме жасады.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар