Чилидің бұрынғы президенті тікұшақ апатында қаза тапты
74 жастағы Себастьян Пиньера тікұшақты басқара алмай, әуе кемесі көлге құлаған. Бұл туралы Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ndtv.com
Тікұшақ апаты Лаго-Ранко коммунасының маңында болған. Себастьян Пиньера қатты жауын кезінде тікұшақты басқара алмай, борт Ранко көліне құлап, опат болған. Тікұшақта экс-президенттен бөлек тағы үш адам болған. Олар аман қалып, өз бетінше жағаға жеткен. Жедел қызмет Себастьян Пиньераның денесін судан алып шықты.
Чили президенті Габриэль Борич ұлттық аза тұту жариялап, мемлекеттік жерлеу рәсімін өткізуді тапсырды.
Консерватор Себастьян Пиньера екі мәрте Чили президенті болып сайланды. Ол 2010-2014 және 2018-2022 жылдары ел басқарды. Марқұм 74 жаста еді.
Қазақстандық Ресейге жұмысқа кеткен інісінің Украинадағы соғысқа күштеп жіберілгенін айтып, көмек сұрады
Айнабек: "2-3 күнде алып кетпесеңіздер соғысқа аттандыру басталып кетті"
"Өмірді жасқа қарап шектемеу керек": 73 жастағы қазақстандық зейнеткер шпагатқа отырып, басымен тұрады
Беліне ота жасатқаннан кейін спортқа бет бұрған Роза Бекмағамбетова бүгінде өзі де өзгелерді жаттықтырады