Түркістанда екі баласын өлтірді деген күдікпен анасы іздестіріліп жатыр
Түркістанда екі баласын өлтірді деген күдікпен анасы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынған/Мұрат Қабденов
7 ақпанда Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылды. Кейбір мәліметтер бойынша оларды анасы жастықпен тұншықтырып өлтірген.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.
"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажет жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұраймын”, – дейді Түркістан облысының полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденов.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"