Түркістанда турист 50 метрлік шатқалға түсіп шыға алмай қалған (видео)

Фото: Видеодан скрин
Оқиға Түркістан облысы Төлеби ауданында болды. 36 жастағы турист Мәдени ауылынан 500 метр жердегі шатқалға түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адам тереңдігі 50 метрлік шатқалға түсіп, өз бетінше қайта шыға алмай қалған. Істің насырға шапқанын көрген достары бірден 112-ге хабарласып, төтеншелі жағдайлар қызметкерлерін көмекке шақырды.
Оқиға орнына жедел құтқару тобы жетті. Құтқарушылар дереу каньонға түсіп, оны арнайы қауіпсіздік жүйесімен байлап, құтқару арқанының көмегімен жер бетіне шығарды.
Абырой болғанда, турист зардап шекпеді.
Бұған дейін Атырауда полицейлер шатырдан секірмек болған 19 жастағы жігітті құтқарып қалған еді.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?