Атырауда полицейлер шатырдан секірмек болған 19 жастағы жігітті құтқарып қалды
1 ақпанда Атырауда полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Полиция дерегіне сәйкес сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғыны Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы хабарлама берген.
“Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Жолдығалиұлы Серік, полиция аға лейтенанты Жақсыбаев Нұрсұлтан, учаскелік полиция инспекторлары – полиция лейтенанты Сабырғалиев Бағытжан Бауыржанұлы мен полиция капитаны Сапашев Ерболат Кенжебайұлы жедел жетті”, – делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды.
Қазір азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?