Басты жаңалықтар
Түркістанда Қазақстан халқы ассамблеясының "Бір ел" жастар жобасы басталды
Түркістан қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи-ағартушылық бағыттағы "Бір ел" атты жастарға арналған шара өтті.
Аталған жоба екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Жобаға еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық жас келген. Шараның ашылуында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бастаманың жастарды ұлттық құндылықтармен тәрбиелеуге зор септігін тигізетінін айтты. Сондай-ақ, шараға ҚР Парламенті депутаттары Алишер Сатвалдиев, Геннадий Шиповских, Наталья Дементьева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің, этномәдени бірлестіктердің, "Ассамблея жастары" РҚБ республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын әр түрлі санаттағы жастар қатысты.
Айта кетейік, "Бір ел" жастар жобасы барысында пленарлық отырыс, пікірталастар, интеллектуалды ойындар өткізіледі.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған