Түркістанда бір сыныптың екі оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады (Видео)

Түркістан қаласындағы жекеменшік мектептің екі түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары нәтиже көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
11 "Д" сынып оқушылары Айсұлтан Жаңбырбай мен Жасур Нышанбаев ҰБТ-дан 140 балл жинаған. Екеуі де Дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілін таңдаған. Сондай-ақ халықаралық IELTS емтиханынан 6,5 балл алған.
Жасур қаңтар айындағы ҰБТ-да 120 балл, наурызда 128 балл жинаса, мамырдағы негізгі тестілеуде нәтижесін 140 балға жеткізді. Ал Айсұлтан бұған дейін қаңтарда 125 балл, наурызда 128 балл алған.
ОқыңызАйта кетейік, Айсұлтан Шымкенттен арнайы келіп, мектеп жатақханасында білім алған. Қос түлек те болашақта Мақсұт Нәрікбаев университетінде аударма ісі мамандығы бойынша оқуды жоспарлап отыр.
Еске салайық, бұған дейін тараздық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинағаныхабарланған еді. Талапкердің өзі ҰБТ-дан жоғары балл жинау басты мақсаты болғанын айтты.
Нұрқанат Қанат ҰБТ-ға дайындалған білім беру орталығы оған жетістігі үшін үш сыйлықтың бірін таңдауды ұсынған. Атап айтқанда, бизнес-класс пәтер, Mercedes E-Class автокөлігі немесе 50 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек