Түркістанда 40 жастағы әйел үшем босанып, 8 баланың анасы атанды
Түркістан тұрғыны 40 жасында үшем босанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Бәйдібек ауданының тұрғыны, 40 жастағы көпбалалы ана Жансауле Доспанова үш ұлды дүниеге алып келді. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы қалыпты. Нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан да ерекше күтім жасалған.
Үш ұлға туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман есімдерін қойды.
Жансауле Доспанова үшем босанатынын алғаш естіген кезде қатты қобалжығанын айтады.
"Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынымды естігенде басқаша сезімде болдым. Жалпы, 5 балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламағанбыз", – дейді ол.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте үш балалы отбасыда үшем дүниеге келгені туралы жазған едік.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан