Түркістан облысында 4 жасар қызды шибөрі талаған

Түркістан облысында 4 жасар қызды шибөрі талаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отырар ауданының әкімдігінің хабарлауынша, оқиға 26 сәуірде Шілік ауылында болған. Екі тұрғын кішкентай қызға көмектеспек болған.
"Баланы шибөрі қауып алған. Оны көрген бір тұрғын араша түспек болған. Сол кезде шибөрі оның бармағын тістеп үлгерген. Қашып бара жатқанда үшінші тұрғын ұстамақ болып, ол да жарақат алды. Алайда үшінші азамат шибөріні ұрып өлтіріп, кейін ветеринар мамандарға тапсырды. Шибөрі қыз баланы үш жерінен тістеп алған", – деді аудан әкімдігі.
Екі ересек адам амбулаториялық емге жіберілді, ал бүлдіршін ауруханада ем алып жатыр. Әкімдіктің айтуынша, бұл аймақта шибөрі жиі кездеседі, тұрғындар үшін бұл қалыпты құбылыс.
Оқыңыз"Ветеринариялық қызмет тарапынан шибөріден құтыру ауруына күдікті патологиялық материал алынып, аудандық ветеринариялық зертханаға жолданды. Зардап шеккен азаматтар аудандық орталық ауруханаға жүгініп, құтыруға қарсы профилактикалық екпе алды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында", – деп мәлімдеді әкімдік.
Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін шибөрі анықталған аумақ пен зардап шеккен тұрғындардың аулалары 10 пайыздық каустикалық сода ерітіндісімен залалсыздандырылды. Жалпы 630 шаршы метр аумақ өңделді.
Әкімдіктің мәліметінше, бүгін кешке шибөрілерді аулау үшін арнайы мамандар шығады.
Еске салсақ, Ақтөбеде мектеп оқушысы қаңғыбас иттерге таланғанын жазғанбыз. Шошып қалған 13 жастағы жеткіншек қазір дәрігерлердің бақылауында. Тұрғындардың айтуынша, иесіз иттер қоқыс жәшіктерінің маңын күзетіп, келген адамдарға шабуыл жасайтын көрінеді.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды