Олеся Кексельдің әуежайдағы фотосына Бас прокуратура түсініктеме берді

Бас прокуратура үйқамақта отырған Олеся Кексельдің жүріп-тұруына қатысты ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Прокуратура мәліметінше, Олеся Кексель 20 ақпан мен 23 сәуір аралығында тергеу әрекетіне қатысу үшін ресми түрде Алматыда болған. Қажет рәсімдер аяқталған соң Астанаға оралып, қазір де үйқамақта отыр.
Кексельдің әуежайдағы фотосы әлеуметтік желілерде тараған соң прокуратура түсініктеме берді. Желі қолданушылары бұл жағдайға наразы болды. Олардың айтуынша, тергеу жүріп жатқан кезде резонансты іс бойынша күдікті қалалар арасында еркін жүрмеуі керек.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталғаннан кейін желіде бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы бастығы Олеся Кекселдің де үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол БТА банкінің бұрынғы қызметкерлерін азаптау ісіне қатысты. Яғни рұқсат етілмеген тергеу әдістерін пайдаланды деп айыпталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрынғы шенеуніктеріне қатысты істе қатысы бар дейді.
Олеся Кексель 2018 жылы арнайы прокурорлар қызметін басқарды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы басшылары Талғат Татубаев пен Қайрат Қожамжаровтың командасының құрамында болды. Кексель атышулы істерді, оның ішінде бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов пен бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеуді қадағалады.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды