Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өгей әкесінен қорғаған": Қостанай облысында анасына араша түскен 15 жастағы жасөспірім мерт болды

қыршын кеткен жасөспірім
Фото: Stan.kz | ЖИ көмегімен жасалған

Жітіқара қаласында отбасылық жанжал қайғылы жағдайға ұласты. Өгей әкесінен анасын қорғауға тырысқан 15 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

25 сәуірде Жітіқарада өгей әкесінен анасын қорғаған 15 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, жанжал ерлі-зайыптылар арасында туындаған. 

Ұрыс барысында 37 жастағы әйел пышақ жарақатын алған. Оның алдыңғы некеден туған 15 жастағы ұлы анасына араша түсіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

"Адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті әйелдің жұбайы полиция қызметкерлерімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық ер адам баласына араша түскен әйелді күрекпен 40 рет ұрғанын жазған едік. Оқиға 3 наурыз күні Жетісу облысы, Сүйіксай ауылында болған. Түскі үзілісте үйіне келген әйел мен көршісі арасында жанжал туындаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам әйелдің кәмелетке толмаған балаларына тіл тигізген. Әйел ескерту жасаған сәтте күдікті қар күреп жүрген күректі алып, оған шабуыл жасаған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам жәбірленушіні аяусыз соққыға жығып, басынан да бірнеше рет ұрған. Оны мектеп жаттықтырушылары келіп тоқтатқан.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026 12:52