Цифрлық даму министрлігі ХҚКО-дағы қызметкерлерді қысқартпақ

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері санын қысқартуды жоспарлап отыр. Мұны бірінші вице-министр Ростислав Коняшкин мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол әзірге қысқарту болмағанын айтты.
“Кей жерлерде тек бос тұрған штат бірліктері қысқартылды. Біз бұл мәселені кейінгі нәтижелерге қарай бағалаймыз. Бұл негізгі мақсат емес. Біздің мақсат қызметтерді цифрландыру және оларды азаматтар үшін барынша ыңғайлы ету. Соның нәтижесінде адамдардың халыққа қызмет көрсету орталығына баруына қажеттілік қалмайды”, – деді Коняшкин.
ОқыңызОның айтуынша, ерте ме, кеш пе қызметкерлер саны қысқаруы мүмкін.
“Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерін қысқартамыз деп нақты айтпадық. Жеке өзім мұндай сөзді бірде-бір рет айтқан емеспін. Бірақ халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер саны азайса, уақыт өте келе соған келуіміз мүмкін. “Азаматтарға арналған үкімет” КЕАҚ-та әрбір фронт-офистегі қызметкерлердің санын келушілер санына қарай есептейтін әдістеме бар. Сол әдістеме бойынша тұрақты түрде бағалау жүргіземіз”, – деді Коняшкин.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ХҚКО-лардың жұмыс тәртібі өзгеретіні туралы жазған едік.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды