Алматыда зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам қамауға алынды

Алматыдағы автобус аялдамасында зейнеткерді қатыгездікпен сабаған ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, 26 жастағы ер адам сот шешімімен қамауға алынды.
"Тергеу қамауға алу туралы ордер сұрады, ал прокуратура мен сот оны қолдады", – деп хабарлады департамент.
ОқыңызАйта кетейік, бұған дейін Алматыда ер адам аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз соққыға жыққаны туралы жазған едік. Оқиғадан кейін ер адам ұсталып, қамауға алынды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 293-бабы, "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша бұзақылық әрекеттердің ауырлығына қарай 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Желіде күдікті ер адамның 26 жастағы Илья Теренов екені, күдіктінің бұған дейін кісі өлтіру және қажет қорғаныс шегінен шығу арқылы ауыр дене жарақатын келтіру баптары бойынша сотталғаны туралы ақпарат тарады.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды