Алматыда зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адамның басқа әйелді аңдыған видеосы тарады

Алматыда зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адамның оқиғаға дейін басқа әйелді аңдыған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Kozachkov offside Telegram арнасы жақын маңдағы дүкендердің бірінің бейнебақылау камераларына түсіп қалған видеоны жариялады. Видеода күдікті Илья Тереновтың басқа әйелді аңдып келе жатқаны анық көрінеді, алайда басқа адамдарды көрген сәтте күдікті бағытын өзгерткен.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда ер адам аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз соққыға жыққаны туралы жазған едік. Оқиғадан кейін ер адам ұсталып, қамауға алынды. Оның үстінен қылмыстық кодекстің 293-бабы, "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша бұзақылық әрекеттердің ауырлығына қарай 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Желіде күдікті ер адамның 26 жастағы Илья Теренов екені, күдіктінің бұған дейін кісі өлтіру және қажетті қорғаныс шегінен шығу арқылы ауыр дене жарақатын келтіру баптары бойынша сотталғаны туралы ақпарат тарады.
Дәрігерлер ер адам шабуыл жасаған әйелдің жағдайы туралы мәлімдеме жасады. Оқиғадан кейін әйел орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
"Жедел ми қан айналымының бұзылуы мен ми жарақатының белгілері анықталған жоқ. Науқастың жарақаттарына бастапқы хирургиялық өңдеу жасалып, тігіс салынды, ем тағайындалып, тиісті ұсынымдар берілді. Ол тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық бақылауға жіберілді", – делінген хабарламада.
Әйелдің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ