"Ата-анамен бірге тұрсаң жеке шекара атымен жоқ": Әйелі үшін бөлек шыққан ер адамның әрекеті желіні шулатты

Желіде бес жыл бойы ата-анасымен бірге тұрып, әйелімен қарым-қатынасын жақсарту үшін бөлек шыққан ер адамның оқиғасы қызу талқыға түсті. БҰл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Автордың айтуынша, ортақ тұрмыс ерлі-зайыптылар арасына сызат түсіреді.
“Әйеліммен қарым-қатынасымды жақсарту үшін бөлек шығып кеттім. Себебі әке-шешеңмен бірге тұрсаң, ешқашан да әйеліңмен тату бола алмайсың. Бұған менің көзім жетті”, – деді ол.
Ер адамның сөзінше, ата-анамен бірге тұрудың бірқатар кемшілігі бар. Соның ең бастысы – жеке шекараның сақталмауы.
“Енді жақындасаң, бөлмеге рұқсатсыз кіріп кетеді, жеке шекара деген атымен жоқ. Күнде саған әйеліңді жамандайды: ыдыс-аяқты дұрыс жумады, тамақты дұрыс пісірмеді, үйді дұрыс жинамады, қонақты дұрыс күтпеді деген әңгімелер бітпейді. Осындай сөздермен миыңды шірітіп тастайды. Сол күйде барып, таңға дейін әйеліңнің миын ашытасың”, – деді ол.
Сондай-ақ видео авторы қара шаңырақта тұрғанда әйеліңді сыйлықпен еркін қуанту да қиын екенін айтты. Оның сөзінше, әйеліне сыйлық әперсе, анасы немесе қарындасы ренжуі мүмкін.
“Осындай көңіл-күйде жүргенде сенде ақша да болмайды. Ақша болмаған соң ешқайда қыдырта алмайсың, сыйлық та сыйлай алмайсың. Ал әйеліңе сыйлық әперсең, анаң ренжиді, қарындасың ренжиді. Әйеліңе алғаннан кейін оларға да әперу керек. Бәріне ақшаң жетпеген соң, әйелің де сыйлықсыз қалады”, – деді ол.
Ер адамның айтуынша, бірге тұрған кезде әйеліңмен жеке қыдырудың өзі қиынға соғады.
"Бір жаққа шығып, қыдырып қайтайын десең, үйдің барлық тірлігін аяқтап шығу керек. Қыдырып келгеннен кейін тағы екі-үш күн өзіңді кінәлі сезініп жүресің. Қысқасы, болмайды”, – деді ол.
Видео соңында ер адам ата-анасымен бес жыл бірге тұрғанын, айтқандарының бәрі өз басынан өткен жағдайлар екенін жеткізді. Оның айтуынша, ол мұндай өмірден шаршаған соң еркіндік іздеп, еншісін алып, бөлек шыққан.
“Мен бес жыл бойы ата-анаммен бірге тұрған адаммын. Жоғарыда айтқан дүниелерден әбден шаршадым. Балам да бар. Кейін бөлек шығып кеттім, маған қайда барып, не істейтеймін деп уайымдамадым да. Бастысы еркіндік керек болды”, – дейді ер адам.
Қоғам бұл шешімді екіге жарыла қабылдады. Қолдаушылар мұны “шаңырақты сақтап қалудың жалғыз жолы” және “заманауи ер азаматтың батылдығы” деп бағаласа, сынаушылар бұл қадамды дәстүрге жат, қарт ата-ананы тастап кету деп айыптап жатыр.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
Оқыңыз