Қазақстанда әскери қызметкерлерге берілетін материалдық көмек 425 мың теңгеге дейін көтерілді

Қазақстан Қарулы күштері әскери қызметшілеріне берілетін материалдық көмек көлемі ұлғайтылды. Енді ол 425 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төлемнің жаңа тәртібі туралы Қорғаныс министрлігінің бұйрығы 21 сәуірде күшіне енді.
Енді материалдық көмектің мөлшері ең төменгі жалақыға (ЕТЖ) қатысты еселеніп есептеледі. Биыл ең төменгі жалақы – 85 мың теңге. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, төлемдер бюджет қаражатын үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.
“Жақын туыстары, жұбайы немесе қайын жұрты қайтыс болған жағдайда материалдық көмек ең төменгі жалақының бес есесіне дейін, яғни 425 мың теңгеге дейін төленуі мүмкін. Ал некеге тұру, бала туу, бала асырап алу, мүліктік зиян келу немесе емделу керек болған жағдайда ең төменгі жалақының үш есесіне дейін, яғни 255 мың теңгеге дейін беріледі”, – делінген құжатта.
ОқыңызСонымен қатар құжатқа “істі және лауазымды қабылдау күні" және "істі және лауазымды тапсыру күні” деген жаңа ұғымдар енгізілді. Бұл күндер командирдің бұйрығымен бекітіліп, ақшалай қамтамасыз етуді есептеу кезінде қолданылады.
Жекелеген төлемдерді есептеу тәртібі де нақтыланды. Мәселен, әскери қызметтен теріс себептермен босатылған жағдайда сауықтыру жәрдемақысы айдағы нақты күндер санына пропорционалды есептеледі.
Сонымен қатар құжатта сыйақы беру тәртібі де айқындалған. Әскери қызметкерлер ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін марапатталуы мүмкін. Сыйақылар мемлекеттік және кәсіби мерекелерге, мерейтойларға, 40 жасқа және одан кейінгі әр бес жыл сайын беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін скерде борышын өтеген қазақстандық сарбаздар жоғары оқу орнына грант алғаны туралы жазған едік.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды