Түркістан облысының тұрғыны сирек кездесетін өсімдікті жұлғаны үшін ұсталды
Жергілікті тұрғын Қазығұрт өңірінің тауларында жойылып кету қаупі төніп тұрған және Қызыл кітапқа енген өсімдікті заңсыз жинап алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.кz порталына сілтеме жасап.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті жедел-профилактикалық іс-шара барысында "алтын тамырға" ұқсайтын өсімдікті жұлып алған азаматты ұстады.
Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлімі "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша тіркелді.
Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын тез арада анықтауға кірісті. Табиғатқа зиян келтірген аудан тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктінің айтуынша, ол бұл өсімдікті емдік шөп ретінде пайдаланбақ болған.
Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"2050 жылы 73-ақ мың теңге": Қазақстандық әйел өзінің болашақ зейнетақысын есептеп, көзіне жас алды
Барлық жауапкершілік қызметкердің өзіне жүктелген дейді қаржы сарапшысы
Анасын мәжілісте құттықтаған Назаров, жалған ақпарат берген министр Жұманғарин: 2025 жылы басы дауға қалған шенеуніктер
Stan.kz тілшісі орынсыз әрекеттерімен және ерекше мәлімдемелерімен көптің шамына тиген шенеуніктердің тізімін жасады.