Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шөптен шай жасап, шаммен кітап оқиды": Алматы облысында диуана 30 жыл бойы тауда жалғыз өмір сүріп келеді

Жоңғар Алатауының тауларында, Үлкен және Орта Үсек өзендерінің қосылуында бөренеден жасалған үйшік бар. Онда 30 жыл бойы өркениеттен ада қалған диуана Владимир өмір сүреді.

Ол пеште тамақ дайындайды, шөптерден шай ішеді, шаммен кітап оқиды, форель аулап, бұлақтан су ішеді, деп хабарлайды InAlmaty.kz.

Көктал ауылындағы Қазан шіркеуінің шіркеушісі Аверки (Белов) 69 жастағы Владимир Белаковтың оқиғасын айтып берді. Діни қызметкер Владимирге жылына бірнеше рет, шіркеудің басқа да қызметкерлерімен бірге келеді.

«Владимир Белаков Ресейдің Пензен облысында 1951 жылы туған. Жас кезінде әскерде қызмет еткен, лейтенант атағын алды. Кеңес Одағы ыдыраған кезде Владимир әскери қызметінен босатылды. Сонымен бірге ол әйелімен ажырасып кетті, оның ұлы бар. Кейінірек ол Қазақстанға келді. Әр жерде жұмыс істеді. Жоңғар Алатауының тауында өте бай флора бар, сирек кездесетін өсімдіктер өте көп, тауларға кетер алдында Владимир шөп өсірумен айналысқан», - деп еске алады Аверки.

1990 жылы Владимир өркениеттің артықшылықтарынан алыс жүруді ұйғарды. Мұның себебі белгісіз. Шркеуші Аверки отбасынан айырылуы және Кеңес Одағының құлауынан кейін көп уайымға салынғанын айтады. Сонымен қатар, Владимир табиғатты және тыныштықты жақсы көреді.

«30 жыл бұрын Владимир әлі шоқыну рәсімінен өтпеген еді және ауылға жиі келетін. Оның алдында бұл жерде бір кемпір тұрды. Содан ол қайтыс болды, ал оның үйін сел басып кетті. 1998 жылы ол шоқыну рәсімінен өтті, содан кейін ол тауда болам деп шешті. Содан бері ол адамдармен сирек кездеседі», - деп жалғастырды Қазан ғибадатханасының қызметкері.

Дуананың үйі Ұлы Үсек өзенінің сол жағалауындағы сазды төбеде орналасқан. Кеңес заманында шекара бекеті болған. Бұл жердегі таулар бір кездері осы жерде болған мұхит түбіндегі шөгінділерден пайда болған. Бұл жер өте құнарлы болды. Селдің арқасында әрдайым отын көп. Жақын жерде бұлақтар мен таулы өзендер бар. Жоңғар Алатауындағы өмірінде Владимир кішкентай пеш, екі кереует, үстел, орындық, орындықтар мен жууға арналған бассейні бар үй салды.

Дуана сонымен қатар Серафима Саровского монахының құрметіне крест пен күмбезді шіркеуін, сондай-ақ қонақтарға арналған сарай салды, онда ол қонақтарды тамақтандырады және монша жағады. Айтпақшы, Аверки қызмет ететін шіркеу Владимир тұрған жерден 60 шақырым жерде орналасқан. Сіз дуанаға автомобильмен жылдың қолайлы мезгілінде, жауын-шашын болмаған кезде, немесе жаяу 10-12 сағатта жүре аласыз. Жақында шіркеудің төрт қоғаны Владимирге барғысы келгенімен адасып қалған еді. Бақытымызға орай, құтқарушылар оларды іздеп тапты.

«Кейде біз  ұн, жарма мүйізі басқада тамақ ала келеміз. Владимир күліп, бәрін қайтарып береді. Онсыз да ас көп екенін айтады. Владимир бақшада картоп өсіреді, форель аулайды, тауықты ұстайды. Ит және мысығы бар. Өзі үшін нан пісіреді, ол сирек ет жейді », - деп аяқтады Аверки сөзін.

Бұл желтоқсанда Владимирдің тауда тұрып жатқанына 30 жыл болады. Дуана бейбітшілік пен адам денсаулығы үшін шексіз дұға етеді. Кейбіреулер оған шөптен жасалған дәрілер жөнінде кеңес алу үшін, ауруын емдеу үшін келеді. Тауда өмір сүріп жатқан дуана аңшы, бақташы және ауыл тұрғындары арасынан көптеген достар тапқан.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ қызына ессіз ғашық болған кубалық: Сіздерден артық қонақжай халық көрмедім

Олар бастапқыда Кубада қалуды жөн көрген

Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін төлем көбейтілмек

Енді бала санына шектеу болмайды

Коронавирус тараған Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме? Дәрігер жауап берді

Соңғы рет 54 адам көз жұмды

Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды

Жұрт оны "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын

32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді

Ол христиан дінін берік ұстанады

"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Өз күнін өзі көріп жүр": Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Актер келіншегінің өзіне еш салмақ түсіргісі келмейтінін айтты

"Адайлармен ойнапты": Лас-Вегаста қазақ қызы ұрыларды жөнге салды

Ұрылар арудың телефоны мен құжаттарын алып қашқан

Батыр Жүкембаев Канадада қарсыласын 2-раундта сұлатып салды (видео)

Бұл оның 18-ші жеңісі. Осы күнге дейін бір де бір рет жеңіліп көрмеген

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы желіде танысқан 20 жастағы жігітке бола үйден қашты

Алайда жасөспірім жігітке жасын айтуды ұмытқан
Çàãðóçêà...