Түркістан облысындағы нөсер жауын бірнеше күннен бері тоқтамай тұр
15 мамырда Түркістан облысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Өңірде 14 мамыр күні сағат 21:00-ден 15 мамыр сағат 21:00-ге дейін дауылды ескерту жарияланды. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайызды құрайды.
"15 мамырда Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, құйын, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде секундына 15-20 метр екпіні болады. Шымкентте 15 мамыр күні түн ортасында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді", - деді "Қазгидромет"РМК.
Еске сала кетейік, 13 мамыр, сәрсенбі күні кешке Түркістан облысында нөсер жаңбыр мен су деңгейінің көтерілуіне байланысты ондаған жеке үйлер су астында қалды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"