Түркістан облысында мемқызметкер өртенген ғимараттың шатырына шығып, туды түсірді (видео)
Түркістан облысында мемлекеттік қызметкер өртке оранған ғимараттың шатырына шығып, Мемлекеттік Туды шығарып алды. Оқиғаның видеосы желіде таралып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырарға" сілтеме жасап.
Кадрдан ер адамның өртке оранған ғимарат шатырына шыққанын көруге болады. Ол өз өмірін қауіпке тігіп, мемлекеттік рәмізді тутұғырдан түсіріп алып, жерге лақтырған.
Түркістан облыстық ТЖД хабарлауынша, бейнежазбадағы қаһарман - халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері.
Өрттің аумағы 413 шаршы метрді құраған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
"Бір қабатты халықты жұмыспен қамту орталы,ы мен "Светофор" дүкенінің ғимаратында 413 шаршы метр жер өртке оранды. Сағат 14.31-де өрт ауыздықталып, 16.15-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ", - деп хабарланды Түркістан облыстық ТЖД-дан.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?