Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында лагерьдегі балаларды ұрып-соққан тәрбиеші елді ашуландырды: Әкімдік мән-жайды айтты

Түркістан облысына қарасты Бүргіліктегі "Сұңқар" лагері дау астында қалды. Лагерь тәрбиешісінің балаларды ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалды. 

Түркістан облысында лагерь тәрбиешісі балаларды ұрып-соқты

Видеодан скриншот

Оқиға сәті түсірілген видео желіге тарап жатыр. 

Видео кадрдан, бойжеткеннің жеткіншектерге дауыс көтеріп, тіпті кейбірін аяғымен тепкені байқалады. 

"Мұндайларды қалай балалармен жұмыс істеуге жібереді екен", "Біреудің баласын аяғымен тепкені несі, өз баласын солай ұрса не істейді?", "Оңбаған қызметкерлер көбейіп кетті, тексеріс керек, жұмыстан қуу керек", - деп шулады желі қолданушылары. 

«Қазіргі таңда Төле би ауданы Алатау аудандық округінде орналасқан «Сұңқар» балалар лагерінде орын алған оқиғаға байланысты мән-жайын анықтау мақсатында Төле би ауданы әкімдігінің жанында балалар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмыс жасап жатыр. Бұл жайт Төле би аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 140-бабының 2-тармағы бойынша тіркелген. Дәл қазір тәрбиешіге қатысты қандай шара қолданғанын жария ете алмаймыз. Барлығы комиссия жұмысы аяқталған соң белгілі болады», - деді Төле би ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Арман Айнабаев Stan.kz тілшісіне. 

Талқылау